Қазақстанда қаржы-сақтандыру қызметіндегі инвестиция көлемі өсті

17
көлемі
Фото: BNews.kz

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың 9 айында қаржы-сақтандыру қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 60,2 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың қаңтар–қыркүйегімен салыстырғанда өсім 38,7%-ға жетті, деп хабарлады finprom.kz.

Қаржы және сақтандыру қызметі сегментіне тартылған барлық күрделі қаржы салымдарының 99%-дан астамы бизнестің меншікті қаражаты: 59,7 млрд теңге. Ол бір жыл ішінде 39,3%-ға өсті.

Қаржыландырудың басқа көздерінің ішінде банктердің кредиттері бір жыл ішінде 2,6%-ға, 432,8 млн теңгеге дейін өсті. Басқа да қарыз қаражаты есебінен қорландыру, керісінше, 32,6%-ға, 112,8 млн теңгеге дейін қысқарды.

Бұл ретте Алматы қаласына қаржы және сақтандыру қызметіндегі негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың 63,3%-ы тиесілі: 38,1 млрд теңге, бір жыл ішінде 29,6%-ға өсті. Алайда, мегаполистің үлесі 67,7%-дан 63,3%-ға дейін азайды.

Екінші орында — Нұр-Сұлтан, мұнда инвестиция 49%-ға, 8,5 млрд теңгеге дейін өсті. Бір жыл ішінде капиталдың үлесі 13,1%-дан 14,1%-ға дейін артты.

Қаржы-сақтандыру қызметіне бағытталған инвестициялардың едәуір өсімін Маңғыстау облысы да көрсетті: 5,6 есе, 1,9 млрд теңгеге дейін. Облыстың үлесі 0,8%-дан 3,1%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, Түркістан облысы да оң көрсеткішті тіркеді, өсім — 6,4 есе, 78,9 млн теңгеге дейін — ҚР өңірлері арасындағы ең аз көрсеткіш.