Қазақстанда тағы екі қала мегаполиске айналуы мүмкін

966
қалалар
Фото: Sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Қалалар экономикалық дамуда маңызды рөл атқарады және олардың әсері тек қана арта түседі. Бұл жөнінде XII Астана экономикалық форумы барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Біздің ірі қалаларымыз өсіп келеді. Елдің астанасы 20 жылдың ішінде 180 мың адамдық провинциялық қаладан 1,2 млн тұрғыны бар қалаға айналды. Ең ірі қала Алматы тұрғындарының саны 2 млн-нан асады, өткен жылы тағы бір миллионер-қала — Шымкент қосылады. Тағы екі қаланы осы деңгейге тартамыз. Олар магнит секілді адамдарды, білім мен технологияларды тартатын өсу нүктелеріне айналады. Біздің қалаларымыздың болашақ табысы — Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы», — деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елбасының айтуынша, адамдар жақсы және сапалы өмір сүруге шешім қабылдайды. Олардың әл-ауқаты мегаполистер болатын өсу нүктелерінің айналасында шоғырланған. Оның мәліметінше, бүгінде әлем бойынша 4 млрд-тан астам адам немесе әлем халқының 55%-ы қалаларда өмір сүруде.

« Болжам бойынша, 2050 жылға қарай қала халқы екі есеге көп болады, сонда 10 адамның 7-еуі қалалық атанады. Енді инвестиция елге емес, қалаларға да келеді, ал қалалар арасында бәсекелестік жүреді. Қазірдің өзінде онда әлемдік ЖІӨ-нің 80%-дан астамы генерацияланады, ал урбанизация, егер ол өнімділікті арттыру және инновацияларды енгізу есебінен болса, тұрақты өсуге ықпал етуі мүмкін. Қазақстан да урбанизацияның жалпы әлемдік тренді арнасында дамып келеді. Бұл жерде ол белсенді жүріп жатыр, өйткені халықтың 40%-ы ауылдарда тұрады. Алайда, ауылда 20% жұмыс істейді, оның 20%-ы ауылда тұрып, қалада жұмыс істейді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.