Қазақстанда цифрлық ақша айналымға енеді

Қазақстан. 4 мамыр. 7kun.kz  – ҚР Ұлттық Банкі ұлттық цифрлық валюта – цифрлық теңгені айналымға енгізу бойынша пилоттық жобаны әзірлеуде, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жоба 2021 жылы іске қосылды және қаржы нарығының қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда.

«Цифрлық теңге» жобасы қаржы технологияларының таралуын жеделдетеді, өңірлерде қаржылық инклюзияны қамтамасыз етеді. Төлем саласындағы бәсекелестікті және инновацияларды арттырады, сондай-ақ қазақстандық қаржы секторының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырады», — деп хабарлады Ұлттық Банкте.

Цифрлық теңгені айналымға енгізу туралы шешім 2022 жылдың шілдесіне қарай қабылданады. Шешімді қабылдаудағы басты критерий – төлем қызметтерінің тұтынушылар үшін ыңғайлы болуы.

«Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім 2022 жылдың соңында ықтимал пайдалар мен тәуекелдерді кешенді зерттеу, технологиялық аспектілерді әзірлеу, ақша-несие саясаты мен қаржылық тұрақтылыққа әсерін бағалау, сондай-ақ ықтимал Ұлттық төлем жүйесі мен оның қатысушыларына әсеріне байланысты қабылданады», – деп атап өтті Ұлттық Банкте.