Қазақстанда үш ресейлік банк клиенттерінің 3 млрд теңге немесе 6,81 млн доллары бұғаттаулы тұр

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz — Ресейлік Сбербанк, Альфа-Банк, ВТБ-ның қазақстандағы еншілестерінің шотында клиенттердің шамамен 3 млрд теңге немесе 6,81 млн доллары бұғаттаулы тұр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ақпан айының соңында АҚШ барлық американдық қаржы институттарына Сбербанктегі корреспонденттік және төлем шоттарын жабуды және ресейлік банк пен оның шетелдік еншілес ұйымдарымен байланысты кез келген транзакциялардан бас тартуды бұйырып, Сбербанкке қарсы санкциялар салды. Ал ВТБ шектеу шараларына ұшырады. Сәуір айының басында АҚШ Сбербанкке, ал ЕО ВТБ-ға блоктау санкцияларын енгізді.