Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды

7
ипотека
Фото: abnews24bd.com

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) «Орда» ипотекалық несие бағдарламасын іске қосады, – деп мәлімдеді компанияның Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

«Бұл халықтың белгілі бір топтарына бағытталған мемлекеттік бағдарлама емес. Бұл нарықтық бағдарлама, ол барлығына есептелген. Біз бұл бағдарламаға ақшаны нарықтан алдық», – деді А.Мұхамеджанов Алматыдағы журналистермен кездесуде.

ҚИК басшысы бағдарламаны жүзеге асыруға KASE-де 5 млрд теңге тартылғанын атап өтті.

«Біз Қазақстан қор биржасының облигациялық бағдарламасы есебінен 5 миллиард теңге алдық. Инвесторларымыз – банктер мен сақтандыру компаниялары», – деп атап өтті компания басшысы.

Төлем қабілеттілігі толық расталған жағдайда қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 12%-ды, табысты ішінара растаған кезде – жылдық 14%-ды құрайды. Өтінімнің ең көп сомасы 40 млн теңге, ең азы – 1 млн теңге. Қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Ипотека Қазақстанның 16 қаласында қолжетімді болады.

«Бастапқы жарна – 30%. Біз оны ақша түрінде ала аламыз, ақша болмаған жағдай бастапқы жарна ретінде қосымша кепіл аламыз», – деді А. Мұхамеджанов.

Шешім қабылдау мерзімі 3 күннен аспайды.

ҚИК басшысының айтуынша, бағдарламаны іске қосу 2018 жылдың қазанының соңына жоспарланған. Қазіргі уақытта серіктес банктермен келіссөздер жүргізілуде. Бұл – ЦентрКредит, Цеснабанк, AsiaCredit Bank, Еуразиялық банк, АТФБанк субсидиялау бағыты бойынша бұрын жұмыс істеген банктер.

Жыл соңына дейін «Орда» бағдарламасы аясында 3-4 млрд теңгені игеру жоспарлануда.

«Биыл тестілеу режимінде 3-4 миллиард теңге жоспарлап отырмыз. Бұл өніміміз халыққа ұнаса, келесі жылы 30-40 миллиард теңге беруді жоспарлып отырмыз», – деді ҚИК басшысы.

ҚИК 2000 жылғы желтоқсаннан бастап қаржы нарығында бар.