Қазақстанда жаңа көліктердің бағасы тағы қымбаттады

жаңа
Фото: seanews.ru

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда жаңа автокөліктер бағасы қымбаттады, — деп хабарлайды «ҚазАвтоӨнеркәсіп».

Одақтың ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың І тоқсанында жаңа көліктің орташа құны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 8,4 млн теңгені құрады. Қазақстандық өндірістің автомобиль сегментінде бұл көрсеткіш 6,5 млн теңгені құрады. Ал, импортталған автокөліктердің орташа бағасы шамамен 10,3 млн теңге болды.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында сатып алушылардың үштен бір бөлігі (31,1%) құны 5 млн теңгеден аспайтын көліктерді алған. Бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 34,5%-ын иеленді. Баға диапазонында 5 млн теңгеден 7 млн теңгеге дейін 18,7% техника (2490 бірлік) сатылды. Сегменттің үлесі 1% — ға өсті. Сонымен қатар, қазақстандықтардың 12,4%-ы құны 7 млн-нан 10 млн теңгеге дейінгі (1647 бірлік) автокөліктерді таңдады. Олардың үлесі 7%-ға қысқарды.

«Бизнес- (10-15 млн теңге) және премиум-класс сегменттері (15 млн теңгеден астам) жаңа автокөліктер нарығының тиісінше 26,7%-ын (3542 бірлік) және 11,2%-ын (1483 бірлік) алды. 10 млн теңгеден асатын техниканың жалпы үлесі 19,5%-ға өсті және бүгінгі күні бастапқы нарықтың төрттен бір бөлігінен (37,8%) артық. Сатудың өсуі бизнес-класс седандарының қолжетімді желісін жаңартумен байланысты», — деп қосты одақта.

Баға қолжетімділігі бойынша топ-5 құрамына отандық Lada Granta (3,1 млн теңгеден бастап), Lada 4×4 (3,52 млн теңге), Ravon Nexia (3,82 млн теңге), Renault Logan (3,94 млн теңге), Chevrolet Niva (3,99 млн теңге) кірді.

Ал, ең қымбат модельдердің рейтингісін Porsche 911 Turbo (61,8 млн теңге) бастап тұр. Одан кейін BMW i8 (60,9 млн теңге), BMW 8 сериясы (50 млн теңге), Audi А7/A8 (49,2 млн теңге) және Mercedes-Benz G-klass (47,1 млн теңге).

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 120,8 млрд теңгеге 13,2 мың жаңа көлік сатып алған.