Қазақстандағы жұмыссыздар саны 1 ай ішінде 5 мыңға көбейді

Фото:ria.ru

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz — 2016 жылдың сәуірінде еңбекпен қамтамыз ету қызметінде есепке тұрған жұмыссыздар саны 5,7 мың адамға көбейіп, 74,7 мың адамды құрады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссиядан хабарлады. 

Осы уақыт аралығында Беларусь елінде жұмыссыздар саны 300 адамға, Қырғызстанда 800 адамға көбейген. Аталған көрсеткіш Арменияда 600 адамға, Ресейде 6,4 мың адамға қысқарған.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес сәуірде Қазақстандағы жұмыссыздық көлемі 4,9%-ды құрады, ал наурызда бұл көрсеткіш 5,1%-ға тең болды. Арменияда қызметпен қамтылмағандар үлесі 19,6%-ға, Қырғызстанда 8,0%-ға және Ресейде 5,9%-ға тең.

Жалпы алғанда Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі жұмыссыздар саны 2016 жылдың сәуірінің соңында 1,3 млн адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 1,4%-ын құрайды.

2015 жылдың сәуірімен салыстырғанда Арменияда жұмыссыздар санатындағы топтың үлесі 8,7%-ға, Беларусь елінде 24,0%-ға, Қазақстанда 17,2%-ға, Қырғызстанда 0,2%-ға және Ресейде 3,8%-ға ұлғайған.