Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Александр Гарбер

59
Фото: kapital.kz

Александр Гарбер Лазеревич — 1962 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Алматыда жалпы білім алған.
Алматы халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1985 жылы — Қазақ АКСР ішкі істер министрлігінде экономист болып жұмыс істеді.
1987 — 1991 жылдары — «Караван» газетінің коммерциялық департаментінің жобасын басқарды.
1991 жылы — «Астана-Фуд» компаниясын құрды.
1993 жылы — «Прима Дистрибьюшн» компаниясының акционері болды.
1995 жылы — «Tea House» Қазақстан-үнді бірлескен компаниясы акционерлерінің қатарына енді.
1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «Магнум» ЖШС компаниясының бас директоры және акционерлерінің бірі болып қызмет атқарады.

Марапаттары:

2001 жылы — «Қаржылық менеджмент» бағдарламасы бойынша Andersen Center for Professional Education (АҚШ) сертификатын алды.

Отбасы:

Үйленген.
Екі баласы бар.

Активтері:

Александр Гарбер — Қазақстандағы ең ірі Magnum Cash&Carry сауда-бөлшек сауда желісінің негізін қалаушы, тең иесі және бас директоры. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында дистрибуцияны ұйымдастырумен және дамытумен айналысатын «Прима Дистрибьюшн» ЖШС-де, Қазақстан аумағында шай өндіретін Қазақстан-үнді бірлескен компаниясы «Tea House» ЖШС-де үлестерге ие.

Сондай-ақ, кәсіпкер — «Magnum Agro» ЖШС, «Прима Бренд» ЖШС, «Прима-Балмұздақ» ЖШС, «Прима Аутлет Групп» ЖШС және «Martin Cotton» ЖШС-нің ортақ иеленушісі.

Бизнесмен Алматы мәслихатының депутаты, Қазақстан ретейлерлер Одағының басшысы қызметтерінде еңбек етеді.

Дереккөз: forbes.kz, kk.nurotan.kz, kapital.kz