Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Елдар Әбдіразақов

55
Фото: Forbes.kz

Елдар Советұлы Әбдіразақов — 1972 жылы 2 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі:

1991 жылы – Қ.А.Яссауи атынғы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсті.
1995 жылы — «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп, оқуын университеттің магистратурасында жалғастырды.
1996 жылы — «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесі берілді.
2010 жылы — Гарвард бизнес-мектебінің (АҚШ) басшыларына арналған бағдарламаны табысты аяқтады.

Еңбек жолы:

2000 жылы — Инвестициялық банкинг, жобалық қаржыландыру бағытына, қаржы институттары мен қазынашылыққа жауапты басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.

2002-2004 жылдары — Елдар «Қазкоммерц — Секьюритиз» инвестициялық компаниясы — «Қазкоммерцбанк»АҚ еншілес компаниясын басқарды.
Қазкоммерцбанкте жұмыс істеген уақытта Банктің еурооблигацияларының эмиссияларын ұйымдастыру мен орналастыруды, халықаралық капитал нарықтарында және акцияларды кері сатып алу бағдарламаларында «Қазкоммерцбанк» АҚ американдық және ғаламдық депозитарлық қолхаттарын орналастыруды басқарды.

Басқа да қызметтері:

«ABN AMRO Asset Management» АҚ, «Meridian Capital» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі болды.

«Kazkommerts Policy» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2003 жылы — «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді.

2005 жылы — «Сентрас венчурлық қоры «АИФРИ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді.

«Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы » АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2012 жылы — «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2017 жылы — «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар кеңесінің бюджет және стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитетінің мүшесі қызметін атқарды

Қоғамдық қызметтері:

Бірінші буындағы болашақ менеджерлердің, оқытушылардың және студенттердің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған Professionalize Kazakhstan жазғы оқыту бағдарламасының ұйымдастырушысы.

Отбасы:

Әйелі — Исламкулова Әлия Қайратқызы.
Балалары:
Қызы — Дамели (1999 жылы дүниеге келген)
Ұлы — Алан (2001 жылы дүниеге келген)

Активтері:

Елдар Әбдіразақов — Centras Group холдингіне ие, оған «Коммеск-Өмір» Сақтандыру компаниясы» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» АҚ, «Сентрас» венчурлік қоры, iLEX заң компаниясы, SOS Medical Assistance медициналық орталығы, «Сентрас Кредит» Микроқаржы ұйымы кіреді.

Бизнесмен — «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі. «Қазақстан қор биржасы» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі (KASE), YPO Kazakhstan қатысушысы, Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырушыларының бірі және Professionalize Kazakhstan Жастарға арналған ашық білім беру жобасының бастамашысы.

Дереккөз: forbes.kz, cyclowiki.org, online.zakon.kz