Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Райымбек Баталов

324
Фото: kursiv.kz

Баталов Райымбек Анварұлы — кәсіпкер, қоғам қайраткері 1970 жылы 21 қараша Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

90-шы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.

Кәсіпкерлігі:

Райымбек Баталов тоқсаныншы жылдардың басында Назарбаевпен және басқа да бірқатар қазақ кәсіпкерлерімен АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барды. Баталовтың тек жанар-жағар май құятын бекеті болған, бірақ Назарбаев оны американдықтар алдында мұнай өңдеуші ретінде таныстырды.

1992 жылы бүгінде табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналған, «Раимбек» сауда фирмасын құрды. Холдинг қызметінің басты бағыттары — тамақ өнімдерін өндіру және бөлшек сауда.

Raimbek Group компаниясының құрамына кіреді: Raimbek Bottlers, Raimbek Agro, «Райымбек-Алко», City Fair Trade, «Арзан», Alma Prodex және т. б.

Raimbek Group холдингінің тарихы

1992 жылы «Раимбек» компаниясы елдегі алғашқылардың бірі болып Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария және Гонконгтан электрониканың көтерме және бөлшек саудасымен айналыса бастады.

1996 жылы Райымбек Баталов «Raimbek Grain» қазақстандық астығын өңдеу және экспорттау жөніндегі компания құру туралы шешім қабылдады. Біртіндеп тамақ индустриясы кәсіпорындарын құру және дамыту — Raimbek Group холдингінің стратегиялық бағыты болды.

2003 жылы «Raimbek Group» сыртқы нарыққа шықты. Көрші Қытайда қытай нарығы үшін шырын шығаратын Raimbek Food (XINJIANG)Co. Ltd компаниясы құрылды — ҚХР-да бұл 100% жеке капиталы бар алғашқы Қазақстандық кәсіпорын болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт Қытай кәсіпкерлеріне сатылды.

Басқа да қызметтері:

2002 жылдан бастап — Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2005 жылдан бері — Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінде қазақстандық ұлттық бөлімін басқарады.

2007 жылы – ҚР мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі болды.

2009 жылдан – Қазақстанның су астында жүзу спорты федерациясының президенті қызметін атқарады.

2010 жылдан бастап – ҚР премьер-министрінің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің мүшесі. Сондай ақ, ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесіне және Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасына кіреді.

2012 жылдан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) кәсіпкерлік жөніндегі Кеңес комитетінің тәуелсіз сарапшысы болды.

2015 жылы — Қазақстандық велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды.

Бизнесмен — «Атамекен» ҰКП Президиумының шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлік Кеңесінің мүшесі, Almaty Management University қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Enactus Kazakhstan ДК төрағасы (халықаралық коммерциялық емес студенттік ұйымның Қазақстандық филиалы), Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті.

Сондай-ақ, кәсіпкер Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматы хайуанаттар паркіне әлеуметтік көмек көрсету» қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы және Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің «Достар клубының» мүшесі болып табылады.

Хоббиі:

Велоспорт, үлкен теннис, тау шаңғысымен шұғылданады. Жас кезінде су астында жүзумен кәсіби айналысқан.

Отбасы:

Әкесі — Анвар Қасымұлы Баталов. Кәсіпкер, Raimbek Group директорлар кеңесінің құрметті төрағасы.

Анасы — Элеонора Нигметовна Баталова, «Алматыкітап баспасы» Директорлар кеңесінің төрайымы.

Бірінші әйелі — Гүлмира Баталова. Қыз Жібек» тігін фирмасының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болған.

Екінші әйелі — Ленара Баталова. Бұрынғы «Рахат Лукум» тобының әншісі.

Балалары: қыздары — Анел, Мириам, Дария; ұлдары — Искандер, Анвар және тағы бір ұлы бар.

Активтері:

Раимбек Баталов — Raimbek Milk, City Fair Tradeltd, «Раимбек групп плюс», Raimbek Alko, Food Trade House, Raimbek-Grain&Co, Good Food Сompany, Raimbek Agro, Raimbek Bottlers, «Капчагай Марина клаб», Raimbek ILM және басқа да компаниялар кіретін Raimbek Group холдингінің негізгі иесі.

Forbes сайты жасаған “Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер — 2018” рейтингінде 29 сатыға орналасты. 


Дереккөз: forbes.kz, cyclowiki.org