Серік Қарабайұлы Түлбасов — Қазақстандық кәсіпкер, құрылыс салушы және девелопер, «TS Development» ЖШС құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы. 1965 жылы 17 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1989 жылы — Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығын бітірген.
Мәскеу қаласында А. Кучеренко атындағы Орталық Құрылыс құрылымдары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түскен.
Еңбек жолы:
Алматы теміржол көлігі инженерлері институтта көпір салу зертханасында кіші ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеді.
1992 жылы — кәсіпкерлікпен айналыса бастады.
1997 жылы — TREC компаниясының негізін қалады.
2001 жылдан бастап — TS Development компаниясының жалғыз құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Отбасы:
Үйленген.
Төрт баласы бар.
Активтері:
Серік Түлбасовке 2014 жылы ашылған Dostyk Plaza СОО және 2016 жылдың соңында іске қосылған Shymkent Plaza СОО тиесілі.
Бизнесмен TS Development СОО — дан басқа коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы «Кең дала» БО, CDC-1, «Спутник» СОО, «Аэлита» ТК, Bukhar Zhyrau, Fidelity фитнес-орталығы, «Crystal Air Алматы» коттедж қалашығы, Атырау қаласындағы Atyrau Plaza БО сияқты басқа да жобаларды іске асырды.
Дереккөз: wikipedia.org, forbes.kz