Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 1%-ға артты

52
азық-түлік
Фото: metagazeta.ru

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың наурыз айында ақпанмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,1%-ға (294 теңге) артып, 27,4 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 3,6%-ға өсті.

Азық – түлік өнімдеріне 15,1 мың теңге, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 12,3 мың теңге бөлінген.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (33,9 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (31,3 мың теңге) және Алматыда (30,3 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Жамбыл облысында (24,7 мың теңге) және Павлодар облысында (24,2 мың теңге) тіркелді.