Қазақстандағы кедейлік тереңдігі анықталды

101
кедейлік
Фото: ukranews.com

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстандағы кедейлік тереңдігі 0,7% болды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 0,4%-ды құрады.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, кедейлік тереңдігі өткен жылы 2011 жылдың деңгейіне (0,9%) жақындады.

Айта кетейік, соңғы он жылда (2008-2018 жылдар) Қазақстандағы кедейлік тереңдігі арасындағы айырмашылық 1,6%-ды құрады. 2008 жылы кедейлік тереідігі 2,3%-ға тең болды.

Еліміздегі кедейшілік тереңдігінің шыңы 2012 жылы тіркелді — 13,3%. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 10,2%-ды құрады.