Қазақстандық мұнай шілдеде қымбаттады

18
арзандады
Фото: hi-news.ru

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz — 2019 жылдың шілдесінде Қазақстан мұнайы 3,3%-ға қымбаттады (2019 жылдың маусымымен салыстырғанда) және тоннасына 65 мың теңгеге жетті.

Бұл ретте жыл басынан бері мұнай бағасы 1,3%-ға төмендеді.

Статистикалық комитеттің мәліметтеріне сәйкес, шілде айында Қызылорда мұнайы қымбат болды. Осы өңірден алынған шикізаттың тоннасы 88,7 мың теңгеге бағаланды (өсім 3,3%).

Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 4,2%-ға (тоннасына 79,8 мың теңгеге дейін) қымбаттады, Маңғыстау мұнайы 0,8%-ға (тоннасына 57 мың теңгеге дейін), ал Атырау мұнайы — 2,9%-ға (тоннасына 63,4 мың теңгеге дейін) арзандады.

Бұдан басқа, өткен айда бензиннің тоннасы орта есеппен 129,7 мың теңге болды. Жеті ай ішінде бұл ЖЖМ тоннасының құны 11,8%-ға арзандады.

Ал дизель отыны жарты жылда 0,8%-ға 170,1 мың теңгеге дейін арзандады, ал мазут бағасы 0,4%-ға 72,8 мың теңгеге дейін төмендеді.