Қазақстандық үш банк бірігетін болды

76
бөлшек
Фото: geometria.ru

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz – «AsiaCredit Bank» АҚ мен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның «Tengri Bank» АҚ-ға қосылуы қаржы институттары акционерлерінің бірлескен жиналысында мақұлданды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

Үш Банк акционерлерінің жиналысы 31 мамырда өтті.

«AsiaCredit Bank» АҚ мен «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-ның «Tengri Bank» АҚ-ға қосылу түрінде үш қаржы институтын қайта ұйымдастыру мақұлданды», — делінген хабарламада.

Біріккен банктегі үш банктің акцияларын айырбастау коэффициенттерін және ағымдағы акционерлерінің қатысу үлесін бекіту 2019 жылдың шілде айының басында, үш банктің таза активтерінің құнын бағалау нәтижелеріне сәйкес халықаралық қаржы консультанттарының қорытындысы бойынша жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Tengri Bank-тің ірі акционері — үндістандық Punjab National Bank (41,64%). «AsiaCredit Bank» АҚ ең ірі үлескері — қазақстандық кәсіпкер Нұрбол Сұлтан (99,9%). Ал Capital Bank Kazakhstan жалғыз акционері — қазақстандық кәсіпкер Шадиев Ориджан.

Ұлттық банктің деректері бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Tengri Bank 28 қазақстандық банктер арасында активтер көлемі бойынша 20-шы, AsiaCredit Bank — 22-ші, Capital Bank Kazakhstan- 23-ші орынды иеленді.