Қазақстандық жиһаз шығаратын компаниялардың өндірісі небәрі 0,1%-ға өсті

55
жиһаз
Фото: vplate.ru

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — 2019 жылдың 12 айында қазақстандық компаниялар 37,9 млрд теңгеге жиһаз өндірді. Инфляцияны есепке алғанда, статистика комитетінің деректері бойынша нақты өсім 0,1%-ды құрады. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.

Айта кетейік, 2018 жылдың ұқсас кезеңде жыл бұрын көрсеткіш 38,6 млрд теңгені құрады, нақты өсім — 3,1%.

Жиһаз өндірісі бойынша ТОП-3 аймағына Алматы (12,1 млрд теңге, жалпы ел бойынша көлемнің — 31,9%-ы) және Алматы облысы (4 млрд теңге, 10,7%) мен Ақмола облысы (3 млрд теңге, 8%) кірді.

Басты үш аймақтың жиынтық үлесі Қазақстан Республикасындағы жиһаз өндірісінің жартысынан көбін құрады.

Табиғи көріністе өндірістің жылдық өсуі асхана мен қонақ үй жиһаздарына арналған ағаш жиһаздардың (12,3%-ға) және кеңселік ағаш жиһаздардың (5,7%-ға) сегменттерінде байқалды.

Ас үй жиһазын өндіру, керісінше, 2018 жылмен салыстырғанда 42%-ға төмендеді.

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар ағаш кеңсе жиһазына — 76,4%, ас үй жиһазына — 50,1%, отырғыштарға, орындықтарға және металл қаңқасы бар отыруға арналған өзге де жиһаздарға — 62,1%-ға сұранысты (ҚР бойынша сату және экспорттық жеткізілімдер) қамтамасыз етті.

Алайда, жиһаз импортының басқа сегменттердегі рөлі өте жоғары.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша нарықты импорттаушылар жатын бөлмелерге, асханаларға және қонақ үйлерге арналған ағаш жиһаздардың (сұраныстың 88,8%-ы), ағаш қаңқасы бар орындықтар (80,4%), сауда кәсіпорындарына арналған ағаш жиһаздар(69%), матрастар (59,7%) және т. б. сегменттерінде басымдыққа ие.