Қазақстандықтар 8,5 трлн теңгеге салық төледі

26
нығайды
Фото: liter.kz

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленген төлемдер 8,5 трлн теңгені құрады.

2018 жылы 11 айда шамамен 7,3 трлн теңге жиналған (өсім- 15,5%).

ҚР өңірлері арасында түсімдердің ең үлкен көлемі Алматы (1,9 трлн теңге) мен Атырау облысына (1,5 трлн теңге) тиесілі болды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтаннан 1 трлн теңгеден сәл артық, Алматы облысынан – 459,3 млрд теңге, Маңғыстау облысынан – 455,1 млрд теңге, Қарағанды облысынан – 374,1 млрд теңге, ал Ақтөбе облысынан — 354,5 млрд теңге түсім түсті.

Қазынаға БҚО — 340,4 млрд теңге, ШҚО — 326,1 млрд теңге, Павлодар облысы – 268,1 млрд теңге, Қостанай облысы – 183,9 млрд теңге, Шымкент – 175,2 млрд теңге, ал Түркістан облысы — 169,5 млрд теңге аударды.

Бұл ретте бюджетке ең аз салықты Ақмола облысы — 165,4 млрд теңге, Қызылорда облысы – 144,6 млрд теңге, Жамбыл облысы – 88 млрд теңге, ал СҚО – 77,7 млрд теңге төледі.