Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

азық-түлік
Фото: egemen.kz

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда айналымы 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4%-ке артып, 1,4 трлн теңгені құрады.

Жалпы саудадағы азық-түлік тауарларының үлесі 32,3% (шамамен 448,9 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлар – 67,7% (шамамен 942,7 млрд теңге) болды.

Бұл ретте азық-түлік тауарларын сату 8,5%-ке, ал азық-түлік емес тауарларды сату – 2%-ке артты.

Екі ай ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 56,7% (788,4 млрд теңгеден астам), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі – 43,3%-ті (603,2 трлн теңгеге жуық) құрады.

2019 жылдың басынан бастап республикада көтерме сауданың көлемі 3 трлн теңгеден (өсім 8,4%) асты.