Қазақстандықтар ЕАЭО елдерінен зейнетақы ала алады

ЕАЭО
Фото: express-k.kz

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ЕЭК-те хабарлады.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 2019 жылы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Ол күшіне енгеннен кейін Одақ еңбекшілері өз Отанында жұмыс істеген кезеңдер үшін ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істеген кезеңдер үшін де зейнетақы алатын болады. Әр мемлекет өз заңдары бойынша зейнетақы төлейтін болады. Келісіммен ол бөлінетін және экспортталатын зейнетақы түрлері анықталған», – деді ЕЭК-те.

Айта кетейік, комиссия бұл жоба бойынша 2014 жылдан бастап жұмыс істеді.

Сонымен қатар, комиссия осы уақытқа дейін Одақ елдерінің зейнетақы жүйелеріндегі айырмашылықтарға байланысты еңбек мигранттарының зейнетақы құқықтары барлық елдерде қалыптаспағанын еске салды.

Бқған дейін ЕЭК алқасы ЕЭАС-қа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жобасын мақұлданғаны хабарланған.