Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам ақша қарыз

Қазақстан. 29 шілде. 7kun.kz – Қазақстандықтар газға 7 млрд теңгеден астам қарыз. Берешектің дені Шығыс Қазақстанда, деп хабарлайды 7kun.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Өңір тұрғындарының қарызы жалпы борыштың 89%-ын құрайды. Екінші орында Түркістан, үшінші орында Шымкент тұр.

Мамандардың айтуынша, қарыздың көптігі газ тарату ісіне кері әсерін тигізеді.

Коммуналдық қызметтер қысқа дайындықты 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс. Сол себепті «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі қарызды қазір төлеуге шақыруда.