Қазақстандықтар көбірек несие ала бастады

97
салықты
Фото: inform.kz

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда жеке тұлғаларға берілетін несиелер бір жыл ішінде 19%-ға өсті. Бұл туралы Ranking мәліметтерінде көрсетілген.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің несие қоржыны 1,8%-ға — 13,4 трлн теңгеден 13,2 трлн теңгеге дейін қысқарды.

Экономикаға бағытталған несиелер 1,1%-ға — 12,70 трлн теңгеден 12,57 трлн теңгеге дейін төмендеді. Тұтыну несиелері 14,9%-ға — 3,03 трлн теңгеден 3,48 трлн теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, ондаған ірі несие беруші банктердің арасында тұтынушылық несиелер бойынша ең төменгі жылдық тиімді мөлшерлемені ForteBank — 0,1%-дан ұсынады. Одан кейін Халық Банк — 1%, АТФБанк көшбасшыларының үштігін 17,2%-бен қорытындылайды.

Қамтамасыз етусіз қарыздың ең көп сомасын ForteBank және ЦентрКредит — 7 млн теңге дейін, сондай-ақ АТФ Банк (тек адал клиенттер үшін) береді. Берешекті қайтару үшін ең ұзақ мерзімді АТФБанк көрсетті — 84 айға дейін (тек адал клиенттер үшін). Ең танымал мерзім — 60 айға дейін, оны 10 Банктің 9-ы ұсынады.

Сондай-ақ, 10 үздік банкттің ішінде 4 ЕДБ кепілсіз несиені ресімдеу кезінде акциялар мен ұтыс ойындарын ұсынады. Ең қымбат сыйлықтар — ForteBankте. Банк 2019 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін жалғасатын акция кезеңінде әр апта сайын Toyota Camry автокөлігімен 70 ойын өткізеді.