Қазақстандықтар көлікке көп ақша жұмсай бастады

көлікке
Фото: autotoday.it

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан тұрғындарының жергілікті өндіріс автокөліктерін сатып алу шығындары 118,6 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 66,6%-ға жоғары. 144,8 млрд теңге сомасына 20,6 мың автокөлік құралы шығарылды. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен жарты жылдық барлық саланың маңызды жетістігімен ерекшеленді: өндірістік көрсеткіштер 20 мың белгіге жетті. Бұл ағымдағы динамиканы сақтай отырып, жыл соңына қарай автоөндірушілер дағдарысқа дейінгі, 2014 жылдың жоспарына жақындайды дегенді білдіреді. Модельдік қатардың белсенді кеңеюі, тұрақты макроэкономикалық фонның және мемлекеттің қолдауының арқасында жарты жыл ішінде шығару көлемі 40,4%-ға өсті», — деді
«ҚазАвтоПром» компаниясының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян.

Оның айтуынша, нарықтың қалпына келуінің негізі жергілікті өндірістің автокөліктеріне сұраныстың өсуі. Жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер өздерінің нарықтағы жарнамасының жартысын сақтап қалды — «Қазавтопромның» үлесі сатудың 55,9%-ын құрады.

Бұдан басқа, жергілікті құрастырылған автокөліктер сегментінде басым позицияны «АЗИЯ АВТО» АҚ алады — сатылған 10 025 автомобиль немесе отандық техниканы жиынтық өткізудің 56%-ы. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 7 091 бірлік (сегменттегі үлес — 39,6%) жүзеге асырды. Бұдан әрі отандық автоөндірушілердің өнімдерін өткізу рейтингінде «СемАЗ» ЖШС (328 бірлік; 1,8%), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (271 бірлік; 1,5%), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (103 бірлік; 0,6%) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (95 бірлік; 0,5%) орналасқан.

2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің ең сұранысқа ие бестігі Lada (7 220 бірлік), Hyundai (5 956 бірлік), KIA (1 744 бірлік), Skoda (475 бірлік) және Chevrolet (439 бірлік) болды.

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне Ravon (369 бірлік), JAC (267 бірлік), UAZ (206 бірлік) және Peugeot (23 бірлік) кірді.

Жергілікті өндірістегі жеңіл автомкөліктерді сату рейтингісін Lada Granta (2 518 бірлік), Hyundai Tucson (2 073 бірлік), Lada 4×4 (1 630 бірлік), Lada Vesta (1 559 бірлік) және Hyundai Accent (1 284 бірлік) бастап тұр.

Қазақстандықтар арасында танымал модельдердің тізімін Hyundai Elantra (1 129 бірлік), Lada Largus (1 086 бірлік), Hyundai Creta (997 бірлік), KIA Rio (699 бірлік) және Lada XRAY (424 бірлік) толықтырды.