Қазақстандықтар Колумбияға визасыз бара алады

46
тағы
Фото: gagadget.com

Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан мен Колумбия визасыз режимді енгізуге келісті.

Екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, бұл азаматтардың қысқа мерзімді сапарлары үшін елдер арасындағы өзара негізде жеңілдетілген визалық режимді толықтырды.

Келіссөздер барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевтың айтуынша, елдердің транзиттік және көліктік мүмкіндіктерінің тартымдылығын ескере отырып, энергетика, тау-кен өндірісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін, сондай-ақ шағын және орта бизнес арасында іскерлік байланыстарды құру үшін жақсы мүмкіндіктер бар.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру, ядролық қаруды таратпау және терроризмге қарсы күрес мәселелерімен тығыз жұмыс істеуге қызығушылық білдірді, ЭЫДҰ-на кірудің практикалық аспектілерін талқылады және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдау туралы уағдаласты.