Қазақстандықтардың БЖЗҚ-на сенімі жоғарылады

22
зейнетақы
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz – Зерттеу қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сенім деңгейі бір жыл ішінде 10 баллдық 5,7-ден (2017 жылғы желтоқсанда) 6,4-ке (2018 жыл) дейін өсті. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенім деңгейін анықтайтын зерттеу нәтижелері осындай.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенім деңгейі жыл ішінде 10 баллдық жүйеде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейін өсті. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімі бар халықтың үлесі 60,2%-ды құрады. 2017 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 58,2% құрады. Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың тұрғындарына жаппай сауалнама жүргізу әдісімен жүргізілді», — делінген хабарламада.

Халықтың Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейін анықтау аясында респонденттерге он балдық шкала бойынша сенім деңгейін бағалау ұсынылды, онда 10 толық сенім, ал 1 – Қазақстанның зейнетақы жүйесіне деген сенімсіздікті білдіреді.

Өңірлік бөліністе зейнетақы жүйесіне ең көп сенім білдіргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы, Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды. Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттері ҚР зейнетақы жүйесіне аз сенім білдірген.