Қазақстанның алтын-валюталық қорында алтынның үлесі артты

2
алтын-валюталық
Фото: businessman.ru

Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылы ҚР алтын-валюталық қоры 42%-ды құрайды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 37% деңгейінде болған. Валюталық активтердің үлесі өткен жылғы 63%-дан 58% дейін төмендеді, деп хабарлайды Finprom.kz.

Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық қорлары 2018 жылы тамыздың соңында 30,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы 32,6 млрд теңгеден 5,7% төмен. Тамыздың қорытындыларына сәйкес, көрсеткіштің дәл осылай төмендеуі соңғы 5 жылда алғаш рет байқалған. Қорлардың өсу қарқыны 2013-2018 жылдардағы орташа есеппен алғанда жылына 1% құрайды, ал қаржылай баламадағы өсім деңгейі соңғы 5 жылда 1,2 АҚШ долларына жеткен. Таза халықаралық қорлардың үлесі 98,4% немесе 30,3 млрд АҚШ долларына жетті.

Қорлар құрылымында еркін айырбасталатын валютадағы активтердің негізгі үлесі – 58,3% немесе 18 млрд АҚШ доллары. 1 жыл бұрын бұл көрсеткіш 20,7 млрд АҚШ доллары деңгейінде болған. Алтынның қоры 41,7% немесе 12,8 млрд АҚШ доллары (бір жыл бұрын – 12 млрд) болды.

2016 жылдан бастап алтын қорының меншікті салмағы еркін айырбасталатын валюта активтеріне қатысты өсе бастаған. Мысалы, 2013 жылы олардың өзара салмағы 81,2%-ға 18,8% құраса, тамыз айында 63,3%-ға 36,7 % болды.

ҚР Ұлттық қорының активтері есебімен алтын-валюталық қоры 2018 жылы тамыздың соңында 87,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы 90,6 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда 3,6% төмен.