Қазақстанның әуе кеңістігінде қанша ұшаққа қызмет көрсетілді?

15
кеңістігінде
Фото: iland.tv

Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстанның әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген ұшақ сапарларының саны 6%-ға артты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

2018 жылдың 8 айында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшқан әрі қызмет көрсетілген ұшақтардың саны 171 845-ке жетті. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 522-ге артық, яғни әуе сапарларының көлемі 5,87%-ға  артты. Қазақстандық әуе компаниялары 66 489 рет, ал шетелдік әуе компаниялары 105 356 рет ұшқан.

Белгілі болғандай, еліміздің әуе кеңістігі арқылы 2018 жылдың қаңтар-тамызында тұрақты транзиттік сапарлар саны 76 431-ге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 328-ге  (+ 7.49%) артық.

«Шетелдік әуе компанияларының чартерлік сапарларының өсімі +18,89%-ды құрады (2017 жылы 6 621 рейстен 2018 жылы 7 872-ге дейін). Транзиттік қозғалыстың артуы шетелдік әуе компанияларының тұрақты рейстерінің жиілігінің көбеюімен байланысты. Қазақстанның әуежайларына қонған шетелдік әуе компанияларының тұрақты рейстерінің орындалу саны 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 15 221-ге жетті. Осы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 354-ке (+ 2.38%) артық», — делінген хабарламада.