Қазақстанның БАӘ-дегі жаңа елшісі тағайындалды

176
Мадияр Меңілбеков
Фото: mfa.gov.kz

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Мадияр Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанның БАӘ-дегі бұрынғы елшісі Қайрат Лама Шариф Президент жарлығымен қызметінен босатылды. Ол 2013 жылдан бастап осы қызметті атқарды.