ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Қазақстанның инфляция деңгейі 3 есе төмендеді

Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы 2 жылда инфляцияның деңгейін 18%-дан 5,3%-ға дейін төмендете алды.

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы 2 жылда инфляцияның деңгейін 18%-дан 5,3%-ға дейін төмендете алды.  Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде осындай деректер келтірді.

«2019 жылға арналған нысаналы бағдар жаңа, барынша төмен 4-6%-дық дәлізде белгіленді. Бұдан әрі Қазақстан Ұлттық Банкінің шаралары 2020 жылы инфляцияны төмен, 4%-ға жақын мәніне дейін біртіндеп төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған», – деп толықтырды Ғалиева.

Төраға  орынбасары жұмыстың маңызды бағыты халықтың және бизнестің инфляциялық күтулерін басқару болып табылатындығын атап өтті

Ғалиеваның айтуынша, 11 айда теңге 11,8%-ға әлсіреген. Оған себеп АҚШ долларының көптеген дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюы, АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің артуы, сондай-ақ Ресей рублінің әлсіреуі болды.

Tags

Осы айдарда

Close