Қазақстанның қай өңірінде жаңа индустриялық аймақ пайда болады?

индустриялық аймақ
Фото: restate.ru

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда жеті жаңа индустриялық аймақ іске қосылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жаңа аймақтар Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан облыстарында орналасады.

Министрліктің мәліметі бойынша, салынып жатқан екі аймақтың аумағында 26,6 млрд теңгеге 8 жоба іске қосылып, 858 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, тағы 9 аймақ жобалау кезеңінде.

Сонымен қатар, елде 22 индустриялық аймақ бар. Олардың аумағында 121,6 млрд теңгенің 111 жобасы жүзеге асырылуда.

Осындай аймақтардың ең көп саны Түркістан (жеті аймақ) және Қызылорда (алты аймақ) облыстарында жұмыс істейді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкентте екі индустриялық аймақ жұмыс істейді. Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарында бір аймақтан бар.