Қазақстанның қай өңірлерінде тұрғын үйді белсенді сатып алады

64
тұрғын
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 29,3 мың мәміле тіркелген, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында.

Мәмілелер саны 2018 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 16,9%-ға, ал 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі мәмілер өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 22,5%-ға өсті.

Өткен айда жасалған мәмілелердің жалпы санынан көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 21,2 мыңға жуық және жеке үйлер үшін 8,1 мыңға жуық мәміле тиесілі.

Сатып алу-сату мәмілелерінің көбі Алматы қаласында (4 298 мәміле), Нұр-Сұлтан (3 694) және Қарағанды облысында (3 083) жасалды.

Атырау (631 мәміле), Қызылорда (726) және Түркістан (788) облыстарында тұрғын үй жылжымайтын мүліктерін барлығынан аз сатып алып, сатқан.