БизнесЖаңалықтарКомпанияларТаңдаулы1

Қазақтелеком SPO өткізу үшін андеррайтерді таңдайды – компания басшысы

«Қазақтелеком» жергілікті телекоммуникация нарығында үстем жағдайға ие.

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторы акцияларын АХҚО биржасында орналастырумен айналысатын инвестбанк таңдауда, деп мәлімдеді компанияның Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Біз қазірдің өзінде инвестициялық банктер бойынша жүріп өтіп, нарыққа орналастырумен айналысатын банкті таңдаймыз», – деді Есекеев.

Оның айтуынша, компания өз акцияларын тек «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастыруды жоспарлап отыр. «Біз әзірге АХҚО-ны тек қана қарастырып жатырмыз», – деп атап өтті компания басшысы.

Акцияларды нақты күтіліп отырған орналастыру қайталама болып саналады, өйткені компания 1997 жылы IPO өткізген, – деп қосты ол.

«Кәсіби тұрғыда, мүмкін, бұл SPO болады. Өйткені IPO 1997 жылы компанияда болған. Ол KASE-де шыққан кезде, 1997 жылдан бастап Қазақтелекомның нарықтағы акциялары бар деп есептеледі. Енді АХҚО шетелдік инвесторларға біздің «Қазақтелекомның” қағаздарына қол жеткізгуге мүмкіндік бергісі келеді», – деп түсіндірді Қ.Есекеев.

Компания басшысы әзірге жоспарланған орналастыру мерзімін нақты айта алмайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін өтуі мүмкін.

«Қазақтелеком» жергілікті телекоммуникация нарығында үстем жағдайға ие. Компания сондай-ақ қазақстандық ұялы байланыс нарығында ірі ойыншы болып табылатын Tele2-Altel бірлескен кәсіпорнындағы үлестерге ие.

Шілдеде Қазақстанның монополияға қарсы комитеті «Қазақтелекомның» мобильдік байланыстың қазақстандық екі операторларының бірі – Kcell-дің 75% акциясын сатып алу туралы өтінішін мақұлдады.

«Қазақтелекомның» ірі акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры болып табылады – жарғылық капиталдың 45,9%-ы (52,03% жай акциялар) тиесілі.

Tags

Осы айдарда

Close