«Қазақтелеком» таза пайдасын 3,6 есе көбейтті

Фото:dailynews.kz

Қазақстандық байланыс операторы «Қазақтелеком» 2015 жылы 24,209 млрд теңге таза пайда тапты. Бұл 2014 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,6 есе көп деп жазылған компанияның қаржылық есебінде.

Компанияның жалпы табысы 8,5%-ға яғни 62,5 млрд теңгеге дейін ұлғайып, салық төлеміне дейін 63%-ға көбейіп, 34,972 млрд теңгені құрады.

Компания активтері жыл басынан бері 4,6%, 436,495 млрд теңгеге дейін ұлғайып, міндеттеме 144,073 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жеке капитал 8,2% немесе 292,421 млрд теңгеге дейін көбейді.  Қысқа мерзімді несиелік қарыз жыл басынан бері 1,8 есе яғни 11,893 млрд теңгеге азайған. Ұзақ мерзімді қарыз 51%-ға азайып, 27,3 млрд теңгені құрады.

«Қазақтелеком»- Қазақстанның ірі байланыс операторы, отандық коммуникация нарығында үлкен позицияға ие.