ЖаңалықтарКомпанияларТаңдаулы1

Қазатомөнеркәсіп IPO барысында Лондон қор биржасында 15% акциясын орналастырды

«Қазатомөнеркәсіп» өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компания болды.

Алматы. 13 қараша. 7kun.kz – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы IPO барысында Лондон қор биржасында (LSE) 15% акцияларын орналастырды, – деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының баспасөз қызметі.

«Қазатомөнеркәсіп» өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компания болды. Компания Лондон қор биржасында 451 млн долларға бағаланған акцияларының 15% сәтті орналастырды», – делінген хабарламада.

Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті.

769 млн доллар көлемінде өтінімдер берілді, бұл шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығын көрсетеді.

Tags

Осы айдарда

Close