«Қазфосфат» ЖШС туралы

134
Қазфосфат

«Қазфосфат» АҚ-ның негізгі қызметі — Жамбыл облысында орналасқан кен орындарында фосфор кенін өндіру және қайта өңдеу, шикізатты байыту және қайта өңдеу, минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер өндіру. Өнім негізінен экспортқа және ішінара ҚР ішкі нарығына сатылады.

Анықтама

  • Құрылған жылы: 1999 жыл
  • Саласы: химиялық өнеркәсіп
  • Бас директор: Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы
  • Қызметкерлер саны: 6000-нан аса адам

Компания тарихы

«Қазфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды. Бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның іс-қаракеттері оның Тараз қаласындағы офисі арқылы басқарылады.

1992 жылға дейін Жамбыл облысында орналасқан фосфор кәсіпорындарының кешені сары фосфордың, натрий триполифосфатының, ортофосфор қышқылының, тыңайтқыштардың және басқа да фосфор қосылыстарының таяу шет елдер мен Еуропа елдеріне негізгі жеткізушілерінің бірі болды. Алайда, экономикалық дағдарыс нәтижесінде бұл кешеннің жұмысы бірнеше жылға толығымен тоқтатылды, ал кәсіпорындардың меншігінің бір инвестордан екіншісіне ауысуы қазақстандық фосфор өнімдерін өндірушілерді әлемдік нарықтан түпкілікті түрде шығарды.

«Қазфосфат» компаниясының құрылуымен негізгі міндет өндірісті жаңарту, әлемдік нарықта жоғалған байланыстарды қалпына келтіру, тауарлық өнімді өткізу географиясын кеңейту және оның жаңа түрлерін шығару болды.

«Қазфосфат» бүгінгі күні қызметінің аздығына қарамастан, жоғары динамикалық және тұрақты дамып келе жатқан компания болып табылады. Ол өзінің қалыптасуын өнімді сату көлемі аз болған кезде, кәсіпорындар үлкен шығынға ұшыраған, ал олардың қызметкерлері жылдар бойы жалақы алмаған кезде нөлден бастады. Екі жарым жыл ішінде компания фосфор өндірісінің көлемін айына 4-5 мың тоннаға дейін, натрий триполифосфаты — 6-7 мың тоннаға, фосфорит ұны — айына 70 мың тоннаға дейін, тыңайтқышты айына 12 мың тоннаға дейін жеткізді.

«Қазфосфат» ЖШС өз жұмысын минералды тыңайтқыштарды, сары фосфор мен оның туынды өнімдерін өткеру рыногын қайта қалпына келтіруден бастады.

Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеу сары фосфорды одан әрі тереңде-тіп өңдеуді, тағамдық ортофосфор қышқылы, тағамдық  натрий үшполифосфаты, баяу гидратталушы натрий үшполифосфаты сияқты жаңа өнім түрлерін шығаруды, күшәні азайтылған фосфор және минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттардың жаңа түрлерін: Р205-сі 19% суперфосфатты, Р205-сі 22% нитроаммофосты, Р205-сі 37% үшкальцийфосфатын өнді-руді қажет етті. 

2003—2004 жылдар аралығында кәсіпорын мамандары күшімен аммондандырылған суперфосфат, нитроаммофос, гидратталған үшполифосфат, фосфор қышқы-лы және тағамдық сапасы бар үшполифосфат тәрізді жаңа өнім түрлері жасалып, өндіріске енгізілді.

Қызметі

«Қазфосфат» ЖШС — фосфаттар шығарудан бастап, олардан өндірілетін түпкі өнімді өз меншігіндегі Теміржол-көлік кешені күшімен жеткеруге дейінгі бүкіл жұмысты бір өзі атқаратын Қазақстан жеріндегі бірегей компания.

Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару.

«Қазфосфат» ЖШС құрамына кіретін кәсіпорындар

  • Жаңа Жамбыл фосфор зауыты;
  • Минералды тыңайтқыштар зауыты;
  • «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені;
  • «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені;
  • Теміржол-көлік кешені;
  • Степногор «Химиялық зауыты»;
  • Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты.

«Қазфосфат» ЖШС — ТМД елдері арасында фосфорлы өнімдер өндіретін жетекші компания ретінде ҚР фосфор өндіруші өнеркәсібі.

«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі нарыққа шығарылады.

Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өзекті міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде ҚР-ның бедел-бейнесін жасауға бағытталған.

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

ЖЖФЗ сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт, Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашық-тықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.

Кәсіпорын құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:

  • үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
  • құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі;
  • екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі;
  • төрт технологиялық желісі бар техникалық натрий үшполифосфаты өндірісі;
  • бір технологиялық желісі бар техникалық натрий гексаметафосфаты өндірісі;
  • түйіршіктелген термофосфор қожын шығару;
  • феррофосфор шығару;
  • техникалық түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығару;
  • тағамдық ортофосфор қышқылын шығару;
  • тағамдық натрий үшполифосфатын шығару;

Минералды тыңайтқыштар зауыты

Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, азықтық фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт.

  • Зауыт 449,2 га жерді алып жатыр. Оның құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
  • фосфорлы-азотты тыңайтқыштар — аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;
  • қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;
  • сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;
  • нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;
  • Азықтық үшкальцийфосфат өндірісі 27% P2О5;
  • Азықтық кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5;

Тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан рыноктарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар рыногын игеру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.

«Қаратау» тау-кен өңдеу кешені

«Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы — «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені фосфорит кенін қазып алып, өңдейтін тау-кен комбинаты.

Қаратау қойнауындағы фосфорлы шикізат базасының негізгі артықшылықтары:

  • Жүздеген миллион тонна кені негізінен аса ірі кен орындарында шоғырланған орасан үлкен қор;
  • Алынатын кен құрамындағы Р2О5 пайдалы бөлігінің үлесі (21–25%) біршама жоғары;
  • өнеркәсіптік тұрғыдан игеріліп, қалыптасқан өңірде, фосфор тыңайтқыштарының ірі тұтынушылары болып табылатын Қазақстанның мақта және қант қызылшасын егумен айналысатын аудандары мен Орталық Азия елдеріне жақын орналасуы.

Бұлардан өзге Тоғызбай және Дөңгелек кеніштерінде әрлеу жұмыстарына арналған жен-тек тастар қазып алу жұмыстары жүргізіледі.

«Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені

«Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы — «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені (әрі қарай ТКӨК) фосфорит кенін қазып алып, өңдейтін тау-кен комбинаты.

Бүгінде «Шолақтау» ТКӨК фосфорит кенін Жамбыл облысының Талас ауданындағы үш кен орнынан қазып алуда. Бұлар Шолақтау, Ақсай, Шилібұлақ кеніштері.

Филиалда «Жастар» кенішінен шығатын фосфорит кенін ұсақтаудың ең оңтайлы жүйесі енгізілген. Бұл тұйықталған цикл бойынша жүретін ұсақтап-сұрыптау жұмыстары барысында автокөліктік, эксковаторлық, бульдозорлық жұмыстар көлемін қысқартуға мүмкіндік берді; «Шолақтау» өнеркәсіп алаңының қазандығы сұйық отыннан анағұрлым үнемді әрі экологиялық тұрғыдан таза отын түріне–табиғи газды пайдалануға көшірілді.

«Шолақтау» ТКӨК құрылымына кіретін өндірістік бөлімшелер аз емес:

  • «Шолақтау» жерасты кеніші, ұ
  • сақтап-сұрыптау цехы, автокөлік цехы,
  • қуатпен қамтамасыз ету цехы,
  • механикалық-жөндеу цехы,
  • құрылыс-жөндеу цехы,
  • техникалық бақылау бөлімі,
  • сатып алып-жабдықтау бөлімі және ішкі режимді бақылау цехы. Бір-бірімен байланысты бұл бөлімшелердің бәрі бірлесе, келісе отырып жұмыс істейді.

Теміржол-көлік кешені

1974 жылдың наурызында Химия өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Жамбыл химия зауыттары көлік цехтарының негізінде Жамбыл облысы химия зауыттарының жүгін тасымалдауды қамтамасыз ететін Жамбыл өнеркәсіптік теміржол көліктері кәсіпорны (ЖӨТКК) құрылды.

1992 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл өнеркәсіптік теміржол көліктері кәсіпорны жекеше-лендіріліп, оның негізінде “Промтранс” ААҚ құрылды.

1997 жылдың 1 қазанынан бастап кәсіпорын «Қазфосфор» ААҚ-ның филиалы – «Химтранс» болып қайта құрылды.

1998 жылдың 1 шілдесінен бастап 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейін– «Тексуна Кемиклз Инк» ЖШС «Теміржол-көлік кешені.

2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап – «Қазфосфат» ЖШС «Теміржол-көлік кешені» филиалы.

Шымкент синтетикалық жуғыш заттар зауыты

«Қазфосфат» ЖШС Шымкент филиалы — 2000 жылдың шілдесінде құрылды. Негізгі жұмысы синтетикалық жуғыш заттар өндірісі. Аумағы 4,238 га болатын Синтетикалық жуғыш заттар өндірісі 1978 жылы Шымкент фосфор тұздары зауытының өндірістік алаңында салынып, іске қосылды. Басты жобалаушысы Қазақ ғылыми-зерттеу және фосфор өнеркәсібінің жобалау институты болып табылады. Өндірістің жобалық қуаты жылына 60 мың тонналық синтетикалық жуғыш заттарды құрады.

2004 жылдың қаңтарынан бастап филиалды іске қосуға бағытталған жұмыстарды қаржыландыру тоқтатылып, құрал-жабдықтар ұзақ мерзімдік сақтауға алынды, жөндеу жұмыстарын жүргізуші және басқарушы құрам толық қысқартылды. Қазір онда тек филиал мен бірқатар субабоненттерді электр қуатымен қамтамасыз ететін БТШС ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар келісім-шартпен субабоненттерге пайдалануға берілген ішкі те-міржол қатынастары да қолданыста. СЖЗ шығаратын негізгі өндіріс жұмыс істемейді.

Басшылық

  • Есенов Мақсұтбек Шахмарданұлы — Басқарма төрағасы;
  • Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы — Бас директор;
  • Керембаев Әбсамат Батырбекұлы — «Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалының (Жаңа Жамбыл фосфор зауыты) директоры.
  • Оңласынов Мұрат Мәжіханұлы — «Қазфосфат» ЖШС «Теміржол-көлік кешені» филиалының директоры.
  • Баекенов Мәлік Әбдірахманұлы — Шымкент синтетикалық жуғыш заттар филиалының директоры.
  • Сәрсенов Мұратқали Бахыткерейұлы — «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені мен «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені филиалдарының директоры.
  • Исаев Төлепбек Әділбекұлы — «Қазфосфат» ЖШС Тараз «Минералды тыңайтқыштар» филиалының директоры.
  • Матинова Ольга Жановна — «Қазфосфат» ЖШС Степногор «Химиялық зауыты» филиалының директоры.

Марапаттары

  • «Еуропалық Арка» Испания өнеркәсіпшілері мен бизнесмендері Ассоциасынан,1994 жылы.
  • «Алтын Глобус» Копенгаген, Дания, 1995 жылы.
  • «Гауһар Жұлдыз» Мексика, 1998 жылы.
  • «Химия—2003» 12-Халықаралық көрмесіне қатысқандығы үшін диплом.
  • «Қазақстанның үздік тауарлары» дипломы, 2004 жылы.
  • «Химия—2005» 13-Халықаралық көрмесінің «Жоғарғы сапалы және түрлі ассортименттегі өнімдер өткергендігі үшін» дипломы.
  • Сапа саласындағы қолжеткен жетістіктері үшін берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, 2007 жылы.
  • «Химия—2007» 14-Халықаралық көрмесіне белсенді қатысқандығы үшін диплом.
  • «Дайын отандық өнімдерді үздік экспорттаушы» Республикалық байқауында «Экспорттаушы—2008» номинациясы бойынша алған бірінші орын.
  • «Химия—2009» 15-Халықаралық көрмесіне қатысқандығы үшін диплом.
  • «Химия—2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен. «Пластмасс индустриясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде натрий үшполифосфатының сапасы үшін алған Алтын медаль.
  • «Химия—2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен «Пластмасс индустриясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде термиялық ортофосфор сапасы үшін алған Қола медаль.
  • «Қыран» өңірлік тұтынушылары» қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз тұтынушылар сараптамасы тарапынан 2009 жылы берілген сертификат .
  • «Қазақстанның үздік тауарлары—2010» өңірлік байқау-көрмесінде өндірістік тауарлар номинациясы бойынша алған Бірінші дәрежелі диплом.
  • «Парыз—2010» Республикалық байқауында ірі кәсіп субъектілері арасында өткен «Әлеуметтік жауапкершілігі мол үздік кәсіпорын» номинациясының күміс жүлдегері.
  • «Химия—2011» 16-Халықаралық көрмесіне қатысқандығы үшін диплом.
  • «Парыз—2011» Республикалық байқауында ірі кәсіп субъектілері арасында өткен «Экология қосқан үлестері үшін» номинациясының күміс жүлдегері.
  • Республикалық «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының «2012 жылдың үздік өндірістік тауарлары» номинациясы бойынша алынған ІІ дәрежелі дипломант атағы.
  • «ЭКСПО Қытай — Еуразия 2012» Халықаралық көрмесіне қатысқандығы үшін диплом, Үрімжі қаласы.
  • «Химия-2013» 17-Халықаралық көрмесіне қатысқандығы үшін диплом, Мәскеу қаласы.
  • «ПАРЫЗ-2014» Республикалық конкурсына қатысқандығы үшін диплом
  • «ПАРЫЗ-2016» Республикалық конкурсына қатысқандығы үшін диплом
  • Республикалық «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының «2017 жылдың үздік өндірістік тауарлары» номинациясы бойынша алынған І дәрежелі дипломант атағы.
  • Сапа саласындағы қолжеткен жетістіктері үшін берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, 2017 жыл.
  • Премия на присуждение права использования зонтичного бренда «Ұлы дала елі», 2017 жыл.
  • «ПАРЫЗ-2017» Республикалық конкурсына қатысқандығы үшін диплом.