«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» өз акцияларының тағы бір бөлігін 3,4 млрд теңгеге сатып алды

20
Фото: Zakon.kz

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы өзінің KASE-тағы акцияларын сатып алу нәтижелері туралы хабарлады.

ҚМГ БӨ ақпаратына сәйкес, арнайы сауда-саттық 2018 жылдың 17 қазаны мен 31 қазаны аралығында өткізілді. Нәтижесінде, компания 269 398 дана акцияны 12 800 теңге бағасымен сатып алды. Сауда сомасы 3,4 млрд теңгені құрады.

Жалпы алғанда ҚМГ БӨ жалпы сомасы 12,1 млрд теңгеге 948 958 дана акцияны сатып алды.