ЖаңалықтарКомпанияларТаңдаулы1Экономика

ҚазМұнайГаз-NS сервисі электрондық саудаға шығарылды

Сауда 2018 жылдың 26 желтоқсанда өтеді.

Алматы. 10 желтоқсан. 7kun.kz – “ҚазМұнайГаз-NS сервисі”  жекешелендірудің екінші толқыны аясында екінші рет саудаға шығарылды. Электрондық байқау әдісімен саудаға 100% үлес қойылды.

Бастапқы бағасы 12,3 млрд теңгені, ал кепілдік жарна – 72,1 млн теңгені құрайды.

Kazakhstan business service company бағалау компаниясының мәліметтері бойынша, 2018 жылдың 31 наурызында компанияның құны 16,4 млрд теңге болған.

Сауда 2018 жылдың 26 желтоқсанда өтеді.

Арнай белгіленген сауда шарттары бойынша барлық талаптар сақталуы тиіс. Мәселен: компания акцияларының 100% пакетін сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап екі жыл ішінде Щучинск қаласындағы “ҚазМұнайГаз-Сервис NS” және гольф-клуб акцияларының 100% пакетін иеліктен шығармауы тиіс; сатып алынған сәттен бастап 5 жыл ішінде компания қызметінің профилін сақтау;  заңнамаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және т.б.

Бұған дейін “ҚазМұнайГаз-NS сервисі” саудаға шығарылды (2018 жылғы 20 қараша).

 

Tags

Осы айдарда

Close