ҚР ҰЭМ: 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды

20
жұмыспен қамтылды
Фото: fatkhan.web.id

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Республика экономикасында 2018 жылғы шілдедегі, бағалау бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) құрады.

2018 жылғы II тоқсан алдын-ала деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,3%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,7% құрады.

2018 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы шілде айының соңына 154,6 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,7%-ын құрады.