ЖаңалықтарПавлодар облысыТаңдаулы1

ҚР премьер-министрі Екібастұздағы қазақстандық майнингтік компания жұмысымен танысты

Қазақстандық компания майнингтік фермаларға хостинг қызметін ұсынумен де айналысады.

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына іс-сапары кезінде ашылғанына көп болмаған майнингтік қызмет көрсететін «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігін бағалап, болашақ даму жоспарымен танысып қайтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Майнингтік жәшіктер мен басқару бекетіндегі электрлік есептеуіштердің жұмысын бағалаған премьер-министрге «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық директоры Ж. Әлдебергенов дата-орталықтың бар мүмкіндігін көрсетіп, атқарылып жатқан жұмыс пен алға қойған мақсат туралы баяндап берді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып жатыр. Алғашқысы 6 тамызда жұмысын бастаған, қазір компания 4 МВт электр энергиясын тұтынады.

Жоспар бойынша 20 қыркүйекте қосылатын келесі компанияда бұл көрсеткіш 11 МВт дейін артпақ. Одан кейінгі белес 10 қарашада 18 МВт көрсеткішімен бағындырылмақ. Жыл соңында «БНКА Энерджи» ЖШС 33 МВт тұтынуды жоспарлап отыр.

Қазақстандық компания майнингтік фермаларға хостинг қызметін ұсынумен де айналысады. Бұл қызмет ішіне майнинг құрылғыларын орнату, құрал-жабдықты бақылау және сараптау, үздіксіз электр энергиясы мен интернет желісімен қамтамасыз ету жұмысы кіреді.

Бүгінде құны 5,7 млрд тг тұратын орталықта 16 адам жұмыс істейді. Жоба аяқталғаннан кейін 60-қа жуық жұмыс орын құрылады. Тоқсан сайын мамандар Қытайға біліктілікті арттыру үшін майнинг-жабдықтар шығарылатын зауытқа жіберіледі. Ол жақта мамандар жабдықтарды қалай жөндеп, олармен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренеді.

Tags

Осы айдарда

Close