Құқығымды пайдалану үшін ғана келемін

735
сайлау

Еліміздің барлық өңірінде Астана уақытысымен таңғы 7.00-де Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауы басталды. Сайлауалды науқан 1 ай бойы жалғасты. Үміткерлердің жарнамасы мен жарияланған жоспарлары сайлаушыларға қаншалықты өтімді болды? Көпшіліктің пікірі қандай? 7kun.kz Алматыдағы сайлау участкелерін аралап шыққан еді. 

Алғашқы пункт — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орналасқан 259- сайлау участкесі.

99

100

103

105

Келесі участкі №81 мектеп-гимназияда орналасқан. Мектеп алаңында музыка қойылып, таңғы астарын қалдырып келген сайлаушылар үшін сусындар мен бәліштер сатылып жатыр. Мұндай «азық-түлік» дүңгіршектерін әрбір участкеден жолықтыруға болады.

109

113

Роза, 50 жаста:

Осыған дейінгі сайлауларға келдім. Жалпы толық білмесем де, таныспын. «Ауыл» партиясының, «Бірлік» партиясының және «Нұр Отан» партиясының жарнамаларын көремін. Өтуін жақсы бағалаймын, жоғары деңгейде. Бірақ осыдан кейін өзгеріс болады деп ойламаймын.

115

Александр Анатольев, 77 жаста:

Партияларды толық білемін, бағдарламаларымен де таныспын. Сайлауға халықтың бірлігі мен ынтықмастығы үшін дауыс беруге келемін. Өзгеріс болады және болатынына сенемін де.

121

Фатима, 54 жаста:

Сайлау — халыққа шынайы қызмет ететін адамды таңдау. Мен кімге дауыс беретінімді әзірге білмеймін, барған соң бағдарламаларымен бір танысып шығамын. Партияларды да толық білмеймін. Қандай деңгейде өтетіндігі туралы пікір білдіргім келмейді.

123

Сұлтан Берік, 50 жаста:

Кандидаттар тізіміндегі 3 адамды танимын. Біреуімен бірге жұмыс істегенмін, пара алады. Екіншісі — өте жас. Сондықтан екеуіне де дауыс берген жоқпын. Үшінші адам Ресейде оқып келген, тәжірибесі бар. Сауатты, оқыған болғандықтан іс тындырады деп ойлаймын. Бірақ сайлаудың өзінің еш маңызы жоқ. Біз тек белгі қойып береміз, ол ештеңені өзгертпейді. Мен тіпті қазіргі дағдарыс кезінде сайлаудың өткендігіне де қарсымын. Жоқ қаржыны үнемдеп отыруымыз қажет қой.

108

Игорь, 25 жаста:

Осыған дейінгі сайлауларға да қатысқанмын. Партиялардың толық тізімін білмеймін, екі-үшеуімен таныспын. Бірақ сайлау кампаниясына көңілім толмайды. Қазіргі сайлауда артық ештеңе байқамадым, келіп дауысымды бердім.

112

Ольга Васильева, 69 жаста:

Сайлаудың барысына ешбір пікір білдіргім келмейді. Еліміздегі жағдайды өзгерте қояды деп те ойламаймын. Осыған дейін де қаншама сайлауға қатыстым, шынайы өзгеріс болса әлдеқашан орын алар еді ғой. Сайлау — осыған ықпал етуге мүмкіндік беретін менің жалғыз азаматтық құқығым. Сондықтан келіп дауыс беремін.

125

Қазыбек, 21 жаста:

Әлі дауыс берген жоқпын, бірақ барамын. Сайлауға «Нұр Отанға» дауыс беру үшін барамын. Басқа бәсекелестікке сай, өзін дәлелдеген партия жоқ деп ойлаймын. Осыған дейін президент сайлауына қатыстым.

126

Ақмарал, Бекзат, Айжан, Диана, 19-21 жаста:

Сайлауға қатысқан жоқпыз, Алматыға Көкшетаудан қыдырып келген едік. Партиялардың толық тізімін білмейміз, кандидаттардан спортшылар мен әншілерді ғана айта аламыз. Дауыс беруге лайықты деп «Нұр Отан» партиясын айтуға болады. Осы уақытқа дейін қаншама жұмыс атқарды. Өзгелері ол партиямен бәсекелесе алмайды.

116

Валентин Николаев, 69 жаста:

Партиялармен толық таныс емеспін, оған қызыққан да емеспін. Сайлау өзгеріс әкелгенін байқаған да емеспін, осыдан кейін жағдайды өзгертеді деп те ойламаймын.

127

Балнұр, 21 жаста:

Менің қатысып отырған екінші сайлауым. Ашықтық бар, шынайы өтеді деп ойламаймын. Сайланған кандидаттар халықтың сенімін ақтап, жағдайын жасауы қажет. Сол үшін де таңдап алынады. Бізде сайлау өткен соң 1-2 ай жұмыс істеуге тырысады, кейінірек бұрынғы қалпына түседі.

114

Оразкүл,39 жаста:

Тек 3 қана партияны білемін, бірақ олардың да, кандидаттардың да бағдарламасымен таныс емеспін. Білмеймін, жыл сайын келеміз ғой қатысуға. Өзгеріс болатын шығар.

122

Лида әжей, 80 жаста:

Партияларды да, кандидаттарды да танымаймын. Бұрын белсене араласқан едім, қазір тек міндетімді атқару үшін ғана келемін. Біздің пікірімізді қажет етіп жатқан ешкім жоқ.

Нұрбақыт ХАЛИ, Ақсәуле ӘБІТАЙ, Жадыра АҚҚАЙЫР «7»