Қытай Қазақстандағы кеспе зауытына инвестиция бөледі

19
кеспе
Фото: youtube.com

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz — Көкшетауда 200 млн теңгеге кеспе шығаратын зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.

Хабарламаға сәйкес, қазіргі уақытта кәсіпорын құрылысы туралы қытайлық инвестормен келісімге қол жеткізілді.

«Жобаның бастамашысы — MK Ramadan. Зауыттың құрылысын 2019 жылдың ІІІ тоқсанында бастау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жер телімін рәсімдеу процедурасы жүріп жатыр. Жобаның құны 200 млн теңгені құрайды», — деп қосты мемлекеттік құрылымда.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 8,2 мың тонна кеспені құрайды. Алайда, жобалық қуатқа шығу мерзімі әлі анықталған жоқ.

«Дайын өнім полиэтилен қаптамасындағы 0,5 кг орама кеспе болады. Кеспе Шығыс Азия елдеріне экспортталады деп жоспарлануда. Кәсіпорын іске қосылған кезде 20 жұмыс орны ашылады», — делінген хабарламада.