Қытай Қазақстандағы шамдар өндірісіне 200 млн доллар инвестициялайды

шамдарды
Фото: plz.lv

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Түркістан облысында энергия үнемдейтін шамдарды өндіретін зауыт іске қосылады, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа кәсіпорынның капсуласы Түркістанның индустриялық аймағына қойылды. Жобаға инвесторлар қытайлық Tai-Tur Energy компаниясы болды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыруға 5 гектар бөлінді.

Өнім ішкі нарықта, сондай-ақ көрші елдерге экспортталатын болады. Зауыт құрылысы үш жылда аяқталады. Компанияда 700 жұмыс орны ашылады.