Қытай Қазақстаннан 8 кәсіпорын ашады

424
Қытай
Фото: liter.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — «Бір белдеу — бір жол» бастамасының аясында биылғы жылы Қазақстанда тағы сегіз жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

Дипломаттың айтуынша, жарияланған Қазақстан-Қытай жобаларының жартысынан астамы қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр.

«Барлық жоспарланған және жарияланған жобалардың 55%-ы орындалады, былтыр тоғыз жоба аяқталды, ал биылғы жылы 8 жобаны аяқтау жоспарланған», — деді ҚХР елшісі.

Сондай-ақ, елші бұл жобалар түрлі салаларда жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Бұл біздің ынтымақтастығымыздың толық әлеуеті емес — шын мәнінде біздің елдеріміз арасында түрлі деңгейде талқыланатын көптеген қызықты жобалар бар. Кейбір жобалар талқылау сатысында, техникалық деңгейде, кейбірі – үкіметтік деңгейде. Келісімге дайындығына байланысты, біз әлі де көп жұмыс істейміз деп ойлаймын», — деді Чжан Сяо.

Мысал ретінде ол Қазақстаннан Қытайдың органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен импортының дамуын келтірді.

«Атап айтқанда, қазақстандық әлеуетті пайдалана отырып, біз ауыл шаруашылығы өнімдері саласындағы ынтымақтастығымызды дамыта аламыз. Сіздер білесіздер, қытай нарығы шетелдік ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық болады — жоғары сапалы, таза және қолжетімді. Сондықтан болашақта осы салада біздің ынтымақтастығымызды дамыта аламыз », — деді елші.