Қытай үкіметі Huawei-ге көмектесе бастады

178
Huawei
Фото: news.tpu.ru

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz — Қытай билігі тарапынан ондаған миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек Huawei Technologies Co. компаниясына телекоммуникация саласының көшбасшысы болуға мүмкіндік берді, деп жазды The Wall Street Journal газеті.

Бұл ретте Huawei-ді мемлекеттік қолдаудың ауқымы компанияның өзге бәсекелестерінің ел үкіметінен алған көмегінен әлдеқайда көп.

Huawei қытайлық үкіметтен субсидия, несие ресурстары, салық жеңілдіктері және басқа да қаржылық көмек түрлері түрінде 75 млрд доллар алған, оны WSJ жүргізген талдау көрсетеді. Бұл әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық жабдық өндірушісіне бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым төмен бағаны қолдауға мүмкіндік берді.

Ең маңызды қаржылық көмекті — шамамен 46 млрд долларды — компания қарыз, несие желілері және мемлекеттік банктер тарапынан басқа да қолдау есебінен алды. Салық жеңілдіктері компанияға 2008 және 2018 жылдар аралығында шамамен 25 млрд доллар үнемдеуге мүмкіндік берді. Субсидиялар 1,6 млрд долларды құрады, тағы 2 млрд доллар Huawei сатып алған жер телімдеріне жеңілдіктер беруге тиесілі болды.

Huawei хабарламасында компания өз зерттеулерін дамытуға «шағын және елеулі емес» субсидияларды алғанын мәлімдеген, бұл жабдық өндірушісінің пікірінше, ерекше нәрсе емес. Мемлекеттік қолдаудың негізгі бөлігі, оның ішінде салық жеңілдіктері сектордың басқа да өкілдері үшін де қолжетімді болды, делінген хабарламада.