Қытай жерді зерттеу спутнигін ғарышқа ұшырды

Қытай
Фото: e-today.gr

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – Қытай сейсенбі күні орбитаға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін екі спутникті сәтті шығарды, — деп хабарлайды РИА Новости Қытай ғарыштық ғылым және технология корпорациясына (CASC) сілтеме жасап.

Аппарат орбитаға Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-4С» зымыран-тасығышымен жергілікті уақыт бойынша 6:52-де шығарылды.

Спутниктер ғылыми тәжірибелер, жер ресурстарын зерттеу, топографиялық түсіру және картография үшін пайдаланылатын болады.