Қытайда коронавирустан 908 адам қайтыс болды

149
908
Фото: m.123ru.net

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Қытай аумағында коронавирустан көз жұмғандардың саны 908 адамға жетті. Сондай-ақ, бір вирус жұқтырған адам Гонконгта, ал екіншісі Филиппинде қайтыс болды.

Қытайда коронавирустан туындаған жаңа пневмонияны жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Осылайша, бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны 3 мыңнан астам артты, 97 науқас қайтыс болды.

Қазіргі уақытта елде 45 млн адам оқшауланған.

Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.