Қытайдағы 217 қазақстандық елге оралды

135
217
Фото: gyronews.com

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдан 217 адамды эвакуациялады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

«Бүгін таңертең 217 адам Пекиннен Нұр-Сұлтанға оралды», — деді министр.

Біртановтың сөзінше, елге оралған азаматтар тек үш күн ғана карантинде болады. Себебі, олар Қытайдағы карантин жарияланған аймақтан келмеген.

«Бірақ белгілі бір қауіптер бар, оларды (Қытайдан оралғандар) тексереді», — деді ол.

11 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан қаза тапқандар саны 1016 адамды құрады.

Тәулік ішінде елде жұқтырғандар саны 2478-ге, қайтыс болғандар саны 108-ге өсті, оның ішінде 103 адам аурудың эпицентрі — Хубэй провинциясында қайтыс болды.

Мәліметке сәйкес, елдің 42 638 тұрғыны коронавирусты жұқтырған. Қазіргі сәтте 37 726 адам емделіп жатыр, оның ішінде 7333-і ауыр халде. Ал 3996 адам емделіп, медициналық мекемелерден шығарылды

Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.