Қытайдың 1000-нан астам тұрғыны коронавирустан көз жұмды

86
коронавирустан
Фото: news.yandex.ru

Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz — Қытайда 2019-nCoV жаңа типті коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 мыңнан асты. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының хабарламасында көрсетілген.

Ведомствоның мәлімдеуінше, коронавирустан туындаған жаңа пневмониядан қаза тапқандар саны 1016 адамды құрады.

Өткен тәулік ішінде елде жұқтырғандар саны 2478-ге, қайтыс болғандар саны 108-ге өсті, оның ішінде 103 адам аурудың эпицентрі — Хубэй провинциясында қайтыс болды.

Мәліметке сәйкес, елдің 42 638 тұрғыны коронавирусты жұқтырған. Қазіргі сәтте 37 726 адам емделіп жатыр, оның ішінде 7333-і ауыр халде. Ал 3996 адам емделіп, медициналық мекемелерден шығарылды.

Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Ауруды жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.