Қызылорда облысында 800 млн теңгеге ет комбинаты салынады

31
Қызылорда
Фото: Kapital.kz

Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Қызылорда облысында 2020 жылы жаңа ет комбинаты іске қосылады. Бұл туралы өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, жоба аясында мал сою пункті жаңғыртылады.

«Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім құрайды. Жобаның құны 832,5 млн теңгеге бағаланады», — деді ведомствода.

Сонымен, қазіргі уақытта негізгі цехтың іргетасын, санитарлық аймақты, зертханаларды және әкімшілік ғимараттарды құю бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте өнім тек Қазақстанда ғана сатылмайды, 70%-ы Иранға экспортталады.