Қызылорда облысында кәсіпорындар саны артып келеді

1274
Фото: vlad.aif.ru

2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 9094 бірлікті құрады. 2016 жылдың ақпан айында қаңтар айымен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 1,0 пайызға артты.Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады. 

2016 жылғы 1  наурыз айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны  6885 бірлікті құрады, одан 6521 бірлік – шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар – 4485 бірлік, оның ішінде шағын кәспорындар – 4127 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылысқа келеді, оның үлесі 18,9 пайызды, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне 16,2 пайызды, білім беру 11,2 пайызды құрады, осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,3 пайызын құрайды.