Қызылордалықтар Алматы мен Нұр-Сұлтанға 6999 теңгеге ұшып бара алады

Алматы
Фото: aigak.kz

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — FlyArystan әуекомпаниясы жаңадан Алматы-Қызылорда-Алматы және Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалатын рейстердің билет сатылымын ашық деп жариялады. Бұл туралы лоукастердің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа бағыттардағы билет сатылымы 2020 жылдың 25 қазанына дейін flyarystan.com сайтында ашық. 

Айта кетейік, көрсетілген бағыттар бойынша билет құны 6999 теңгеден басталады.

«Біз Қызылордадан/ға сапарлар халық арасында жоғары сұранысқа ие болатынына және оларды әлдеқайда мобильді болуына септігін тигізетініне кәміл сенеміз. FlyArystan-ның қолжетімді ұсыныстары жақын-туысқандармен жиірек әрі оңай кездесуге, сонымен қатар қалалар арасында оңай қатынауға мүмкіндік бермек» — деп FlyArystan-ның жоспарлау бойынша коммерциялық директоры Рафаэль Тайжанов мәлім етті. 

Сонымен қатар, әуекомпаниясында алғашқы отандық лоукостердің флоты Airbus A320 ұшағымен беске дейін ұлғайып, бұдан былай FlyArystan-ның бағдарлар кестесі кеңейе түсетінін атап өтті.

Анықтама

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.

2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр. Kazakhstan Growth Forum 2019 пікірінше бірінші отандық лоукостер жыл мәмілесі атанып, “The Best Deal of the Year” номинациясын иемденді.